<iframe src="https://www.googletagmanager.com/ns.html?id=GTM-WXZBPZ" height="0" width="0" style="display:none;visibility:hidden"></iframe>
var gtmEventObject = {event: 'page_meta_ready'};window.dataLayer = window.dataLayer || [];window.dataLayer.push(gtmEventObject);
var renderGtm = "true";
if (renderGtm === "true") {
(function(w,d,s,l,i){w[l]=w[l]||[];w[l].push({'gtm.start':new Date().getTime(),event:'gtm.js'});var f=d.getElementsByTagName(s)[0],j=d.createElement(s),dl=l!='dataLayer'?'&l='+l:'';j.async=true;j.src='//www.googletagmanager.com/gtm.js?id='+i+dl;f.parentNode.insertBefore(j,f);})(window,document,'script','dataLayer','GTM-WXZBPZ');
}
var utag_data = Object.assign({}, analyticsData, {pub_year:"2026",pub_month:"08",pub_day:"20",pub_hour:"08",pub_weekday:"Thursday"});
if(typeof(TealiumTagFrom)==='function' && typeof(TealiumTagSearchKeyword)==='function') {
var utag_from=TealiumTagFrom();var utag_searchKeyword=TealiumTagSearchKeyword();
if(utag_searchKeyword!=null && utag_searchKeyword!=='' && utag_data["search_keyword"]==null) utag_data["search_keyword"]=utag_searchKeyword;if(utag_from!=null && utag_from!=='') utag_data["from"]=TealiumTagFrom();}
if(window.top!== window.self&&utag_data.page_type==="snippet"){utag_data.page_type = 'iframe';}
try{if(window.top!==window.self&&window.self.location.hostname===window.top.location.hostname){utag_data.platform = 'self-embed';utag_data.platform_short = 'se';}}catch(e){if(window.top!==window.self&&window.self.location.search.includes("platformType=self-embed")){utag_data.platform = 'cross-promo';utag_data.platform_short = 'cp';}}
(function(a,b,c,d){ a="https://tags.azattyq.org/rferl-pangea/prod/utag.js"; b=document;c="script";d=b.createElement(c);d.src=a;d.type="text/java"+c;d.async=true; a=b.getElementsByTagName(c)[0];a.parentNode.insertBefore(d,a); })();
<img style="position: absolute; border: none;" src="https://ssc.azattyq.org/b/ss/bbgprod,bbgentityrferl/1/G.4--NS/952840343?pageName=rfe%3akaz%3aw%3aarticle%3a%d0%96%d1%83%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d1%81%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96%20%d2%9b%d0%be%d1%80%d2%93%d0%b0%d1%83%20%d0%ba%d0%be%d0%bc%d0%b8%d1%82%d0%b5%d1%82%d1%96%20%d0%93%d2%af%d0%bb%d0%bd%d3%99%d1%80%20%d0%91%d0%b0%d0%b6%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b0%d2%93%d0%b0%20%d1%88%d1%8b%d2%93%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd%20%d2%af%d0%ba%d1%96%d0%bc%d0%b4%d1%96%20%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bf%d1%82%d0%b0%d0%b4%d1%8b&c6=%d0%96%d1%83%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d1%81%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96%20%d2%9b%d0%be%d1%80%d2%93%d0%b0%d1%83%20%d0%ba%d0%be%d0%bc%d0%b8%d1%82%d0%b5%d1%82%d1%96%20%d0%93%d2%af%d0%bb%d0%bd%d3%99%d1%80%20%d0%91%d0%b0%d0%b6%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b0%d2%93%d0%b0%20%d1%88%d1%8b%d2%93%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd%20%d2%af%d0%ba%d1%96%d0%bc%d0%b4%d1%96%20%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bf%d1%82%d0%b0%d0%b4%d1%8b&v36=8.48.0.0.391&v6=D=c6&g=https%3a%2f%2fwww.azattyq.org%2fa%2fzhurnalisterdi-qorgau-komiteti-gulnar-bazhkenovaga-shygarylgan-ukimdi-aiyptady%2f33834311.html&c1=D=g&v1=D=g&events=event1,event52&c16=rferl%20kazakh&v16=D=c16&c5=news&v5=D=c5&ch=%d0%96%d0%90%d2%a2%d0%90%d0%9b%d0%ab%d2%9a%d0%a2%d0%90%d0%a0&c15=kazakh&v15=D=c15&c4=article&v4=D=c4&c14=33834311&v14=D=c14&v20=no&c17=web&v17=D=c17&mcorgid=518abc7455e462b97f000101%40adobeorg&server=www.azattyq.org&pageType=D=c4&ns=bbg&v29=D=server&v25=rfe&v30=417&v105=D=User-Agent " alt="analytics" width="1" height="1" />
Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Келесі
Жабу
Бұған дейінгі
Келесі
Ескерту! Суреттерде қан және басқа да зорлық белгілері бар.
Көру
Басып шығару
Суреттермен
Мультимедиа
Эмбед-коды бар контент
Пікірлер
Болдырмау
Принтерден шығару
Сілтеме көшірілді
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
if (document.body.className.indexOf('pg-home') > -1) {
var nav2In = document.querySelector('.hdr-20__inner');
var nav2Sec = document.querySelector('.hdr-20__side--secondary');
var secStyle = window.getComputedStyle(nav2Sec);
if (nav2In && window.pageYOffset < 150 && secStyle['position'] !== 'fixed') {
nav2In.classList.add('hdr-20__inner--big')
}
}
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ЖАҢАЛЫҚТАР
Журналистерді қорғау комитеті Гүлнәр Бажкеноваға шығарылған үкімді айыптады
20 тамыз 2026 жыл, 13:30
Журналистерді қорғау комитеті Гүлнәр Бажкеноваға шығарылған үкімді айыптады
Бөлісу
Сілтемесін көшіру
Facebook
X (Twitter)
WhatsApp
Email
Бөлісу
Бөлісу
Сілтемесін көшіру
Facebook
X (Twitter)
WhatsApp
Email
Бөлісу
PDF
VPN-сіз оқу
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Журналист Гүлнәр Бажкенова
Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) қазақстандық Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы сегіз жылға бостандығынан айыру туралы сот үкімін айыптады. Халықаралық ұйым Қазақстан билігін журналисті босатуға және тәуелсіз БАҚ өкілдерін қылмыстық іс қозғап қудалауды доғаруға үндеді."Гүлнәр Бажкенованы сегіз жылға бостандығынан айыру жазасы Қазақстандағы баспасөз еркіндігіне жасалған қатты соққы болды", — деп мәлімдеді CPJ ұйымының Нью-Йорктегі бағдарлама директоры Карлос Мартинес де ла Серна.Оның сөзінше, Бажкеноваға шығарылған үкім елде 23 тамызда өтетін парламент сайлауы қарсаңында биліктің баспасөздің үнін өшіргісі келетінін аңғартатын тұтқындаулар мен соттаулар үрдісінің бір бөлігі іспеттес болып отыр.Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан билігін қылмыстық заңнаманы журналист пен басқа да тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына қысым жасауға пайдалануды тоқтатуға шақырды.
<img src="https://gdb.rferl.org/0d78b4ed-fdbb-4500-818c-08ddc3796ccc_cx0_cy0_cw99_w100_r1.jpg" alt="Журналист Гүлнәр Бажкенова">
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Сот Гүлнәр Бажкеноваға 8 жыл кесіп, журналистикамен айналысу құқығынан бес жылға айырды
18 тамызда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Гүлнәр Бажкенованы сегіз жыл мерзімге қамау туралы үкім шығарған. Ол әлі күшіне енген жоқ. Журналистің 14 жасқа толмаған баласы бар болғандықтан, жазаны орындау екі жылға кейінге қалдырылды.Сот Бажкенованы Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп таныды: көрінеу жалған ақпарат тарату, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу және заңсыз кәсіпкерлік қызмет.Сот оған бес жыл бойы журналистикамен айналысуға, блог жүргізуге және қоғамдық жұмыстарға араласуға, сондай-ақ БАҚ-пен байланысты ұйымдарда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салды.Тергеу қорытындысында Гүлнәр Бажкенова 2024 және 2025 жылдар аралығында Orda.kz редакциясын басқарған кезде компания шоттарынан 88 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз жұмсағаны айтылған. Бұған қоса оған интернет пен әлеуметтік желілер арқылы сегіз рет жалған ақпарат таратқан деген айып тақты.Бажкенова тағылған айыптарды мойындаған жоқ.Журналистерді қорғау комитеті Қазақстанның сыртқы істер министрлігі арқылы Бас прокуратураға электрон поштамен жолдаған хатқа дереу жауап ала алмаған.Бажкенова былтыр 1 желтоқсанда оның пәтерінде және Алматы мен Астанадағы Orda.kz кеңселерінде тінту жүргізілгеннен кейін тергеуге алынып, үйқамаққа отырғызылған. CPJ сол кездегі Қазақстан билігін журналистке тағылған "жалған ақпарат" тарату туралы айыптауды алып тастауға және редакцияның жұмысын жалғастыруына мүмкіндік беруге шақырған.Бажкеноваға үкім шығар күннің қарсаңында қазақстандық және халықаралық бірнеше құқық қорғаушы ұйым бірлескен мәлімдеме жасап, Қазақстан билігін "журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына қысымның кез-келген түрін дереу тоқтатуға, қылмыстық және әкімшілік заңдарды тәуелсіз журналистикаға кедергі жасауға немесе оларды жазалау үшін қолданбауға, оған қоса журналистер мен БАҚ-тарға алдағы болатын сайлау және қоғамдық маңызы бар мәселелер жөнінде қудалау мен қысымға тап боламын деп қорықпай еркін хабар таратуына мүмкіндік беруге" үндеген. Оның алдында "Құқықтық медиаорталық" ұйымы Қазақстанда тәуелсіз БАҚ-тарға қысым күшейіп жатыр деп мәлімдеген.17 тамызда Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзі басқаратын министрлік масс-медиа саласындағы уәкілетті орган ретінде ең алдымен сөз бостандығына кепілдік беретін заңды құқықтардың жүзеге асуына қолдау көрсетеді деп жазды әлеуметтік желідегі парағына. "Мемлекет азаматтардың ой-пікірін білдіру құқығын және сөз еркіндігін шектеуге мүдделі емес" деді министр.Журналист, медиаменеджер Гүлнәр Бажкенова бұрын түрлі ірі медиажобаларға жетекшілік еткен. Былтыр үстінен қылмыстық іс қозғалғанға дейін ол Orda.kz интернет-басылымының бас редакторы болып істеген.Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) – журналистер құқығын қорғайтын және күллі әлемде сөз бостандығын насихаттайтын тәуелсіз, халықаралық коммерциялық емес ұйым. 1981 жылы құрылған ұйымның штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Прокурор журналист Гүлнәр Бажкенованы сегіз жылға соттауды сұрады
"Қазақстанда азаматтық қоғамның кеңістігі тарылған". ЕО-ның адам құқығы туралы есебінде не айтылған?
Гүлнәр Бажкенова: Бес адвокаттан мені сотта қорғауын сұрадым, бәрі бас тартты
Алматыда Гүлнәр Бажкенованың соты қалай өтіп жатыр?
"Басылымды тартып алмақшы". Orda.kz иесі әрі бас редакторы Гүлнәр Бажкенова қысым көріп жатқанын мәлімдеді
Журналистерді қорғау комитеті Гүлнәр Бажкеноваға шығарылған үкімді айыптады
Бөлісу
Сілтемесін көшіру
Facebook
X (Twitter)
WhatsApp
Email
Бөлісу
Бөлісу
Сілтемесін көшіру
Facebook
X (Twitter)
WhatsApp
Email
Бөлісу
PDF
VPN-сіз оқу
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Follow us
Facebook
X (Twitter)
Youtube
Instagram
Follow us
Принтерден шығару
Айдар
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАЛПЫ АРХИВ
Жазылыңыз
Жалпы мәлімет
Хабарласыңыз
Біз туралы
Сайтымыз бұғатталса не істеу керек?
Азаттық қосымшалары
Қолдану шарттары
Форум ережелері
Жазылу
Негізгі бөлімдер
Жаңалықтар
Қазақстан
Қазақтар - әлемде
Орталық Азия
Ресей
Қытай
Әлем
Азат Еуропа / Азаттық радиосы © 2026, Inc. | Барлық құқықтары қорғалған
if (!isPreviewPage) {
window.OneSignalDeferred = window.OneSignalDeferred || [];
OneSignalDeferred.push(function(OneSignal) {
OneSignal.init({
appId: "4c8b8e3f-7e78-496a-88ed-5f9a93664191",
});
});
}
// opera mini - disable ico font
if (navigator.userAgent.match(/Opera Mini/i)) {
document.getElementsByTagName("body")[0].className += " can-not-ff";
}
// mobile browsers test
if (typeof RFE !== 'undefined' && RFE.isMobile) {
if (RFE.isMobile.any()) {
document.getElementsByTagName("body")[0].className += " is-mobile";
}
else {
document.getElementsByTagName("body")[0].className += " is-not-mobile";
}
}
XS
SM
MD
LG
var bar_data = {
"apiId": "33834311",
"apiType": "1",
"isEmbedded": "0",
"culture": "kk-KZ",
"cookieName": "cmsLoggedIn",
"cookieDomain": "www.azattyq.org"
};